Қазақстан футбол федерациясының Тәртіптік-бақылау комитеті 15 тамыз күні өткен Премьер-лиганың 23-туры аясындағы «Қайсар» - «Тараз» кездесуі бойынша мынадай шешім шығарды.
Қызылордалық жанкүйерлері тарапынан нәсілшілдікке байланысты кемсітушіктер орын алғаны үшін «Қайсар» футбол клубына 600 мың теңге айыппұл салынды. Ал егер осы жағдай қайталанар болса, онда команда өз алаңындағы келесі ойынын көрермендерсіз өткізеді немесе ойын басқа қалада өтеді.
"Сондықтан, құрметті жанкүйерлер қарсылас команда ойыншылары мен матчтың ресми тұлғаларына құрметпен қарап, өзімізді стадионда мәдениетті ұстайық. «Қайсар» футбол клубы нәсілшілдікке қарсы!" дейді "Қайсардың" баспасөз клубы.