Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

Бокстан республикалық турнир басталды

Бокстан республикалық турнир басталдыБүгін, Қызылорда қаласы "Евразия" спорт кешенінде "Ибрайхан и К - ЛТД" ЖШС жүлдесіне арналған 1998-1999 жылдары туылған жастар арасында бокстан республикалық турнир басталды.
Жарыстың салтанатты ашылуында облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Садық Мұстафаев, қалалық мәслихат хатшысы Ибадулла Құттықожаев және бокстан КСРО спорт шебері, КСРО кубогының иегері "Ибрайхан и К-ЛТД" ЖШС директоры Ыбырайхан Мұсабаев жарысқа қатысушыларды құттықтап, сәттілік тіледі. 
ҚР 20 жылдығы аясында ұйымдастырылған турнирге Ақтөбе, Маңғыстау, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарынан және Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан елдерінен 8 команда қатысуда. Биыл алғашқы мәрте басталған турнир алдағы уақытта да жалғасын тауып, дәстүрге айналатын болады. 
Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлерінің есімдері 19 қараша күні белгілі болады.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: