Клубтық әлем біріншіліктері Жапония мен БАӘ-де өтеді
Жапония 2015 және 2016 жылғы клубтық әлем біріншілігін өздерінде қабылдайды. Ал одан кейінгі 2017 және 2018 жылғы аталмыш дүбірлі дода Біріккен Араб әмірлігінде өткізіледі.
Алғашқы екі бәсекені өткізуге Жапониямен бірге Үндістан да ниет білдірген еді. Ал БАӘ-мен бірге Бразилия бақ таластырды.
Айта кетелік, 2014 жылғы Мароккода өткен клубтық әлем біріншілігінде Испанияның "Реал Мадрид" командасы чемпион атанған еді.