Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

«Алтын белбеу» ақтық сайысы басталады

«Алтын белбеу» ақтық сайысы басталадыҚызылорда қаласында «Евразия» спорт кешенінде үстіміздегі жылдың 25 сәуір күні Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған қазақ күресінен облыстық «Алтын белбеу» ақтық жарысы басталады. 
Мақсаты – Елбасының жолдауынан туындайтын іс-шараларды жүзеге асыру мақсатында бұқаралық спортпен шұғылданушылар санын арттыру, облыста ұлттық спорт түрлерін дамыту арқылы салауатты өмір салтын қалыптастыру қағидаттарын насихаттау, жастарды ұлттық спорт түрлерімен шұғылдануға тарту арқылы олардың бойында отансүйгіштік сезімді қалыптастыру, Қазақстан Республикасының Президенті жүлдесі үшін республикалық «Қазақстан Барысы» турниріне облыс спортшыларын іріктеу.
Ауылдық елді мекендерден басталған жарыстың бірінші кезеңі наурызға дейінгі аралықта өткізілсе, аудан, қала орталықтарында сәуір айына дейін өткізілген сайыстың екінші кезеңіне  барлығы 7000-нан аса  спортшы қатысты. Үшінші кезеңі облыстық ақтық бәсекеге Қызылорда қаласы мен аудандардан 8 команда,  256 спортшы   сынға түседі. 
 Дүбірлі дода қатысушылардың жас ерекшеліктеріне қарай 4 топқа бөлінген. Алдымен 2000-2001 жылғы кіші жасөспірімдер арасындағы белдесулер 9 салмақ дәрежесі бойынша өтеді. Онан соң 1998-99 жылғы жасөспірімдер бәсекесі 7 салмақ,  1996-97 жылғы жастар  мен ересектер  арасындағы белдесулер 8 салмақ дәрежесі бойынша өтетін болады. 
Жарыста  «Түйе палуан»  атанған  спортшы «Сыр Барысы»  атағын иеленіп, оған «Алтын белбеу» тағылады. Бұл сыннан іріктеліп шыққан екі палуан 5 шілдеде Астана қаласында болатын «Қазақстан барысы» турнирінде ҚР Президенті жүлдесін сарапқа салады.  
Жарыстың салтанатты ашылуы 25 сәуір күні сағат 10.00-де «Евразия» спорт кешенінде. Жарыс соңында жанкүйерлерге арналған бағалы жүлделерімен ұтыс ойындары ойнатылады. (Лотерея билеті тегін)

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: