0
Литва құрамасының ойыншысы сынақта жүр
Литвалық жартылай қорғаушы Миндаугас Григавичюс «Қайсардың» Түркиядағы жиынына келіп қосылды.
Ол клубтық мансабының барлығын өз елінде өткізген. Атап айтсақ, «Елгава», «Судува», «Йонава», «Ритеряй» клубтарының намысын қорғаған.
Өткен жылы «Рятеряй» сапында 22 ойынға қатысып, 5 гол соққан. Миндаугас «Шамахыға» қарсы кездесуде негізгі құрамда ойын көрсетті.