Бүгінгі таңда «Қайсар» Түркия жерінде оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатыр. Бүгінгі күнге дейін бірнеше кездесу болды.
Оның барлығында жерлестеріміз жеңіліп қалды. Алдымен Украинаның «Карпаты» клубына 0:4 есебімен жол берді. Одан кейін румыниялық "Волунтари” командасымен жасыл алаңға шықты. Бұл кездесуде де қызылордалық футболшылар есе жіберіп, 0:2 есебімен ұтылып қалды.
Үшінші кездесуінде 15 ақпанда Польшаның «Медь Легница» командасымен ойнады. Бұл матчта жерлестеріміз 1:3 есебімен жеңілді. Енді "Қайсардың" Түркияда өткізіп жатқан оқу-жаттығу жиынындағы соңғы жолдастық кездесуі словакиялық "Борциция" командасына қарсы өтеді. Бұл кездесу ақпанның 17 жұлдызына белгіленген.