Жаңақорған денешынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен Жаңақорған кентіндегі "Ордакент" ардагерлер үйінде Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай шахматтан ересектер арасында өткен аудандық біріншілік өтті.
Аудандық жарысқа 36 спортшы қатысты. Жарыс өте қызықты және тартысты өтті Жарыс қортындысы бойынша ұлдар арасында 1-ші орынды 13 ұпаймен Кейден ауылының тұрғыны Ерсерік Әділет иеленді. Ал Әбдіғаппар ауылының спортшысы Бөженов Нұрлан, бесарықтық Ахметов Мейрам, келінтөбелік Сауытов Әбуәлі, кейдендік Тұрабай Нұрлан, төменарықтық Құрбанов Сейфулла үздік ойын көрсетіп мақтау қағаздарымен марапатталды.
Қыздар арасында 1-ші орынды 7 ұпаймен Жаңақорған кенті тұрғыны Кенже Раушан иеленді. Ал 2-ші орынды Төменарық ауылының тұрғыны Әбенова Мәрзия жеңіп алды, 3-ші орынды Жаңақорған кенті тұрғыны Кенжебекова Ләззат жеңіп алды. Ал Беркінбаева Маржан Келінтөбе ауылының спортшысы, Бектемір Назипа Жаңақорған кенті спортшылар Үздік ойын көрсетіп мақтау қағаздарымен марапатталды.