Олимпиада-2028: Қандай спорт түрлері алынып тасталады?
Халықаралық Олимпиада комитеті Лос-Анджелесте өтетін 2028 жылғы ойындардан үш негізгі спорт түрін алып тастау туралы шешім қабылдады. Бұл туралы ХОК президенті Томас Бах хабарлады.
Олимпиада бағдарламасынан ауыр атлетика, бокс және қазіргі бессайыс секілді спорт түрлері алып тасталды. Олардың орнын скейтборд, серфинг және спорттық альпинизм алмастырды. Ауыр атлетика 1896 жылдан бастап олимпиадалық қозғалыстың бөлігі болды. Ал бокс пен қазіргі бессайыс 1912 жылы ойын бағдарламасына енгізілген.