Қызылордалық «Қайсар» ФК ойыншысынан ұрлық жасады деп күдіктенуде
«Қайсар» футбол клубының жартылай қорғаушысы словакиялық 28 жасар Юрай Пирошкаға клубтағы әріптесінен ақша ұрлады деп күдіктенуде, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz интернет газеті Sports.kz порталына сілтеме жасап.
Жарты ай бұрын қызылордалық «Қайсар» футбол клубында ақша жоғалды деген сыбыс шыққан болатын. «Қайсар» базасындағы бірнеше ойыншылардың қаражаттары жоғалған. Ішкі істер органының жүргізген тексерулерінен кейін, барлық ойыншылардың саусақ іздерін тексеру кезінде күдікті ретінде словакиялық жартылай қорғаушы Юрай Пирошка тіркелді.
Алайда ойыншыға еш айып тағылған жоқ. Футболшы жұмбақ күйде жоқ боп кетіп, елімізден жырақ жерде жүргенін және ФИФА-ға жалақы бермейтінін айтатынын жоспарлап отырғанын жеткізді.