Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

«Қызғылт сары доп» өрендер шеберлігін шыңдады

«Қызғылт сары доп» өрендер шеберлігін шыңдады

 

Қызылорда қаласы «Нұрсәт» теннис орталығында теннистен  «Қызғылт сары доп» облыстық ашық турнирі өтті.  Аталмыш жарысқа Шымкент, Қызылорда қалаларынан  және  Қырғызстан Республикасынан 8-10 жас аралығында  ұлдар мен қыздар қатысты. 
Турнир қорытындысы бойынша ұлдар арасында қызылордалық Жақас Қозбақ жеңіс тұғырынан көрінді. Шымкенттік Дамир Ибрагимов екінші орынды иеленсе, қызылордалық Бекжігіт Минаж үшінші орынды қанағат тұтты. Ал қыздар арасында Әдемі Аманкелдіге (Шымкент қ.) тең келер ешкім болмады. Күміс жүлдегер Қарақат Қойлыбаева (Шымкент қ.) атанса, Урсула Рахмет (Қызылорда қ.) қола жүлдеге  қол жеткізді.
Турнирде 1-6 орынды иеленген спортшылар жарыстың бас демеушісі «Райымбек Ботлерс» ЖШС тағайындаған диплом, медаль және естелік сыйлықтарға ие болды. Алдағы уақытта да ұйымдастырылатын  жарыстарға демеушілік жасайтын «Райымбек Ботлерс» ЖШС алғысымызды білдіреміз. 
Айта кетейік, үстіміздегі жылдың 23-30 мамыр аралығында Қызылорда қаласында Қазақ хандығының 550 жылдығына орай «Нұрсәт» теннис орталығының жүлдесіне арналған жасөспірімдер арасында республикалық ашық  турнир болады. 
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: