Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

«Астананың» Чемпиондар лигасындағы қарсыласы анықталды

«Астананың» Чемпиондар лигасындағы қарсыласы анықталдыФутболдан 2014 жылғы Қазақстан чемпионы «Астана» Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңінде Словенияның «Марибор» командасымен кездеседі, деп хабарлайды Baq.kz.
Бүгін Швейцарияның Ньон қаласында еурокубок ойындарының іріктеу кезеңдерінің жеребе тарту рәсімі басталды. Қазақстан командасына Словения чемпионы қарсылас атанды.
Бірінші ойын сырт алаңда өтеді. УЕФА Чемпиондар лигасының екінші іріктеу кезеңдері 14/15 шілде күні басталады. Ол күні «Астана» Словенияға қонаққа барады. Қарымта матч 21/22 шілде күні Астанаға жоспарланған.
 
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: