«Допинг қолданды» деп айыпталған Қазақстан ауыр атлеттері Алмас Өтешов пен Жасұлан Қыдырбаев олимпиадаға қатысуы мүмкін, деп хабарлайды «Аламан» порталы.
«Аламанға» ауыр атлетика саласында жүрген мамандардың бірі Өтешов пен Қыдырбаев екі жылға емес төрт-алты ай көлемінде жаза алуы мүмкін екенін айтты.
«Өтешов пен Қыдырбаев допингті әдейі қолданбағанын дәлелдеуге жақын» деді аты жөнін айтудан бас тартқан маман.
Өтешов пен Қыдырбаев Хьюстон медалін қандай жағдай болса да қайтарып береді. Бірақ жазасы тамыз айына дейін аяқталып, олимпиадаға қатысуға рұқсат алуы мүмкін.
Ал Қазақстан ауыр атлетика федерациясы Өтешов пен Қыдырбаевқа қатысты шешім наурызда белгілі болатынын айтты.