Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

ОЛИМПИАДА ЧЕМПИОНЫ ДМИТРИЙ БАЛАНДИННІҢ БОЛАШАҚ ЖАРЫ ҚАЗАҚ ЕКЕН

 

Кристина — халықаралық деңгейдегі спорт шебері, үш рет әлем біріншілігіне қатысқан.
Дмитрий Баландиннің қызы Олимпиада чемпионына ғашық жанкүйерлеріне қатысты қарым-қатынасы туралы айтып берді деп хабарлады NewTimes.kz.
Чемпионның таңдауы түскен бойжеткеннің аты-жөні — Кристина Тыныбаева. Ол 20 жаста. Димамен жүріп жүргеніне 2 жыл болыпты.
Дима секілді сұлу ару да өз өмірін кәсіби спортқа, яғни суда жүзу спортына арнаған. Бұл менің жұмысым әрі хоббиім дейді ол.
Кристина -халықаралық деңгейдегі спорт шебері,үш рет әлем біріншілігіне қатысқан. Оның қоржынында Азияда ойындарының қола медалі бар.
„Жетістіктер жетерлік, оның бәрін тізбелеп жатудың қажеті жоқ„ — дейді қыз ұяла.
Ал Дмитрий Баландиннің жанкүйерлеріне Кристина қатты назар аудара бермейді екен.
„Мен оны кез келген жағдайда үнемі қолдап келемін, әлі де қолдаймын. Оның жанкүйерлеріне көңіл аудармауға тырысамын, өйтпесем қызғаныштың отына күйіп кетуім әбден мүмкін„ — дейді ол.
21 жастағы алматылық Дмитрий Баландин Қазақстан тарихында алғаш рет суға жүзуден Олимпиада чемпионы атанды.

ОЛИМПИАДА ЧЕМПИОНЫ ДМИТРИЙ БАЛАНДИННІҢ БОЛАШАҚ ЖАРЫ ҚАЗАҚ ЕКЕН

 

ОЛИМПИАДА ЧЕМПИОНЫ ДМИТРИЙ БАЛАНДИННІҢ БОЛАШАҚ ЖАРЫ ҚАЗАҚ ЕКЕН

 



Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: