Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

ЖАҢАҚОРҒАНДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТУРНИР ӨТТІ

ЖАҢАҚОРҒАНДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТУРНИР ӨТТІ

 

Жаңақорған ауданында 13-15 қыркүйек күндері аралығында еркін күрестен жоғары дәрежелі жаттықтырушы Мұрат Тотаевты еске алуға арналған 2001-2003 жылдары туылған жасөспірімдер арасындағы республикалық турнир болып өтті. 
Мұрат Тотаев аудан жастарына спортты насихаттап, оларды спортқа баулуда құлшына еңбек етіп, көптеген шаруашылықтарда спорт мектебінің филиалын ашуға белсене ат салысқан, бірқатар шәкірттері Халықаралық, Одақтық, Республикалық спорт сайыстарына қатысып, жеңімпаз атанып, спорт шебері атағына ие болған жоғары дәрежелі жаттықтырушы.
Спорт жанашыры Мұрат Тілеуұлын еске алуға арналған республикалық турнирді Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Садық Мұстафаев ашты. Сондай-ақ, аудандық мәслихат хатшысы Ерғали Ілиясов жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі. 
Турнирде 4 облыстан келген 16 команда қатысып,12 салмақ дәрежесінде 200-ден аса спортшы бақ сынады.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: