Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

"Байқоңырдың" бірінші лигадағы тұсаукесері 29 наурызда кесіледі

Астана қаласында футболдан бірінші лига командалары арасындағы біріншілікті кестесі мен Қазақстан кубогы алғашқы екі кезеңінің жеребесі тартылды. 

 

"Байқоңырдың" бірінші лигадағы тұсаукесері 29 наурызда кесіледі


Қазақстан футбол федерациясының конференц-залында өткен шараға бірінші лига командаларының өкілдері қатысты. Жеребе қорытындысы бойынша Қазақстан кубогының алғашқы сатысында Қызылорданың "Байқоңыры" Петропавлдің "Қызылжар" командасымен 29 наурыз күні кездеседі. Бұл жұптан жеңімпаз атанған клуб жарыстың келесі сатысында 12 сәуірде Семейдің "Спартагымен" шеберлік байқасады. 
Қазақстан кубогының алғашқы кезеңінде 29 наурызда "Лашын" (Қаратау) мен "Болат" (Теміртау), "Қыран" (Шымкент) мен "Каспий" (Ақтау), "Екібастұз" (Екібастұз) бен "Байтерек" (Астана), "Мақтарал" (Жетісай) мен "Ақжайық" (Орал) ойнайды. 
Жарыстың келесі сатысында Өскеменнің "Востогы" "Мақтарал" мен "Ақжайықтың", Алматының ЦСКА клубы "Қыран" мен "Каспийдің" жеңімпазымен жұп құрайды. Ал "Екібастұз" бен "Бәйтерек" жұбынан озық шыққан команда "Лашын" мен "Болаттың" мықтысымен кездеседі.   
Ал бірінші лиганың алғашқы турында "Байқоңыр" Шымкентке қонаққа барып, 4 сәуірде "Қыранмен" кездеседі. Сондай-ақ, алғашқы турда "Каспий" мен "Қызылжар", "Байтерек" пен "Спартак", "Мақтарал" мен "Лашын", "Екібастұз" бен "Восток", "Болат" пен "Ақжайық" ойнайды. 

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: