Наурыз мейрамы қарсаңында ҚР ІІМ-нің Қызылорда облысындағы дербес департаменттері мен бөліністерінің құрама командалары арасында «Динамо» дене шынықтыру-спорт қоғамының спорт залында волейболдан жарыс өткізілді.
Спорттық додаға Қызылорда облысы Ішкі істер департаментінен 2 құрама команда, Қызылорда облысы Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті, Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменті, Қызылорда станциясындағы желілік ішкі істер бөлімі, Қызылорда облысы Мемлекеттік күзет қызметі басқармасы, Қазақстан Республикасы Ұлттық Ұлан 5547-әскери бөлімі қызметкерлерінен жасақталған барлығы 7 команда қатысты. Екі топқа бөлінген командалар өзара кездесулер өткізіп, әр топта үздік өнер көрсеткен топтар жүлделі орындарға таласты. Тәртіп сақшылары арасындағы бірлікті, командалық қолдауды нығайтуды мақсат тұтқан бұл спорттық кездесу өте тартысты өтті.
Спорттық бәсекенің қорытындысы бойынша І орынды Қызылорда облысы Ішкі істер департаментінің І құрама командасы иеленіп, жарыс жеңімпаздары атанды. ІІ орынды Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінің құрамасы қанжығасына байласа, Қызылорда облысы Ішкі істер департаментінің ІІ құрама командасы жарыстың қола жүлдегерлері атанды.