Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

Бүгін футболдан ел біріншілігінің 20-туры басталады

Бүгін, 14 қыркүйекте футболдан Премьер-лига командалары арасындағы ел біріншілігінің 20-туры басталады.


Аталған тур 14 және 15 қыркүйек күндері өтеді. Алдымен 14 қыркүйекте екі ойын болса, 15 қыркүйекте қалған бес кездесу белгіленген.
Алғашқы кездесуде 14 қыркүйекте 19:00-де «Астана» (Нұр-Сұлтан) мен «Тобыл» (Қостанай) жасыл алаңға шықса, 21:00-де «Ақтөбе» мен «Тараз» шеберлік байқасады.
Ал 15 қыркүйекте 17:00-де «Атырау» мен «Тұран» (Түркістан), «Шахтер» (Қарағанды) мен «Каспий» (Ақтау) командалары кездеседі.
Сондай-ақ, 19:00-де  «Ақсу» (Павлодар облысы) мен «Ақжайық» (Орал), «Қайрат» (Алматы) пен «Ордабасы» (Шымкент)  командалары ойнайды. 
Аталған турды 21:00-де «Мақтарал» (Түркістан облысы) мен «Қызылжар» (Петропавл) командалары түйіндейді.
Ойындар «Qazsport» және ПФЛК-ТВ арқылы тікелей эфирде көрсетіледі.
Қазір турнир кестесінде «Ақтөбе», «Астана», «Тобыл» командалары алғашқы үштікте келеді.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: