Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

"Қайсар" жанкүйерлерін Ақтөбеге шақырады

Құрметті, «Қайсар» футбол клубының жанкүйерлері!

"Қайсар" жанкүйерлерін Ақтөбеге шақырады

 

«Қайсар» футбол клубының басшылығы Қазақстан Премьер-лигасының 6-туры аясында сәуірдің 11-і күні өтетін «Ақтөбе» - «Қайсар» кездесуіне жанкүйерлерді шақырады. 
Ақтөбе қаласына 10 сәуір күні пойызбен жол жүру жоспарлануда. Сондықтан, билеттерді алдын-ала сатып алу үшін 4 сәуірге (сол күнді қоса есептегенде) дейін тіркелулеріңізді сұраймыз. Тіркелу үшін клубтың баспасөз қызметкері Әзиз Оразбаевқа жеке куәлік немесе паспопртыңыздың түпнұсқасын өткізулеріңіз керек.
Естеріңізге сала кетейік, жолсапар шығынын «Қайсар» футбол клубы өз мойнына алып отыр. Ал тамақтану жағын жанкүйерлер өз қалтасынан қарастырулары қажет.
Байланыс нөмірі: 8 707 734 88 10, 8 777 734 88 10 (whatsapp), az_adil@mail.ru
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: