Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

Дмитрий Огай: Біздің футболшылар сауатты ойнады

Дмитрий Огай: Біздің футболшылар сауатты ойнады

 

Футболдан Қазақстан кубогының 1/8 финалындағы өз алаңында өткен "Қайсар" мен Семейдің "Спартагы" арасындағы ойыннан кейінгі баспасөз мәслихатында қызылордалық клубтың бас бкпкері Дмитрий Огай ой-пікірін білдірді. Бұл кездесуде "Қайсар" 1:0 есебімен жеңіске жеткен еді.   
Дмитрий Огай, «Қайсар» ФК бас бапкері: 
- Ойын тізгіні біздің қолымызда болды. Бірақ егер бірінші таймда «Спартак» ойыншысының соққысы қақпа маңдайшасына емес, сәл төмен ұшқанда онда ойын барысы мүлдем болуы да мүмкін еді. Жалпы, бүгін футболшылар сауатты ойнады. Маған Думан Нәрзілдаев пен Елжас Алтынбековтың өзара түсінісіп, ойнағаны да ұнады.
- Бүгін бірінші рет «Қайсар» сапында жас ойыншы Самат Балымбетов шықты. Ойынына қандай баға бересіз?
- Саматтың міндеті пас беру, шабуылшыларды әдемі пастармен қамтамасыз ету. Алаңға шыға салып, жақсы пас берді. Бірақ тым қобалжып кетті ғой деймін, болмашы жерден қателесе берді. Ойыны жаман емес. Ысылатын жігіт
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: