Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

Қазақстан студенттер құрамасы – күміс жүлдегер

Қазақстан студенттер құрамасы – күміс жүлдегерШайбалы хоккейден Қазақстанның студенттер құрамасы Қысқы Универсиаданың күміс жүлдегері атанды. Біздің спортшылар ақтық сында Ресей құрамасына 1:3 есебімен жол берді.
Кездесу барысында қарсыластар тарапынан Тимур Шингарев, Вадим Кривченко, Александр Торченок мергендік танытса, үшінші кезеңде біздерден Ренат Сафин есеп айырмасын қысқартқан. Дегенмен, біздің ойыншылардың одан кейін гол соғуға ешқандай мүмкіндігі болған жоқ.
 Біздің хоккейшілер 2013 жылы Италияның Трентино қаласында өткен Қысқы Универсиадада да финалға дейін жеткен еді. Ол жолы Канада құрамасына 2:6 есебімен жол берді. 
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: