Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

Аналары мен қыздары бірге сайысты

Аналары мен қыздары бірге сайыстыХалықаралық отбасы және халықаралық балаларды қорғау күніне орай  Сырдария аудандық мәдениет үйі жанындағы демалыс кешенінің ұйымдастыруымен «Ана – өмір шырағы, бала – отбасы қуанышы» атты отбасылық байқау өтті. Оған 8-12 жас аралығындағы қыз балалар аналарымен бірге қатысты. 
Байқауға қатысушылар бес кезең бойынша бақ сынады. Байқаудың «Мен анамның гүлімін» атты алғашқы кезеңінде арулар өздерін таныстырса, «Біз – өнерлі жанұя» кезеңінде аналарымен бірге өнер көрсетті. Бұл кезеңде сайысқа қатысушылар Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына орай өзге ұлт өкілдерінің әнін айтып, биін биледі. «Менің анам - дизайнер» кезеңінде әр түрлі материалдардан тігілген көйлектер шеруі болса, төртінші кезеңде «Ертегілер әлеміне саяхат» жасап, халық ертегілерін сахналады. Байқаудың соңғы кезеңінде қаракөз арулар қызықты сауалдарға жауап берді.
Қызықты өткен шараның қорытындысында №36 Ә.Тәжібаев атындағы мектеп-лицейдің 6 сынып оқушысы Аружан Серікбаева анасы Махаббат Әнуарбекпен бас жүлдені жеңіп алды. №210 О.Әбілпаттаев атындағы орта мектептің 4 «б» сынып оқушысы Камила Амантай анасы Жазира Оспанова екеуі бірінші орынды иеленсе, №131 орта мектептің 6 сынып оқушысы Аружан Жұмабекова анасы Рая Күзербаевамен екінші орынды алды. Ал үшінші орындарға №135 А.Тоқмағамбетов атындағы орта мектептің 3 сынып оқушысы Наргиза Мұратова анасы Оксана Өтегенова және №137 орта мектептің 3 сынып оқушысы Ақмоншақ Бекболат анасы Гүлсім Жоламановалар ие болды. Олар ұйымдастырушылардың бағалы сыйлықтарымен марапатталды.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: