Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

Қазақстан құрамасы қола жүлдегер болды

Бендиден Қазақстан құрамасы 2015 жылғы әлем біріншілігінің қола жүлдегер атанды. Естеріңізге сала кетелік, дүбірлі дода Ресейдің Хабаровск қаласында өткізілді.

Қазақстан құрамасы қола жүлдегер болды

 

Айта кетелік, қазақстандық бендишілер осымен төртінші мәрте қатарынан үздік үштіктен көрініп отыр. Жалпы, біздің еншімізде 5 қола медаль бар. Бұдан бұрын 2003, 2005, 2012, 2013, 2014 жылдарда қола жүлдеге қол созды.Біздің команда Финляндия құрамасын 8:6 есебімен тізе бүктірді. 
Бендиден әлем біріншілігінің финалы 4 сәуірде болады. Онда Ресей мен Швеция құрамалары кездеседі.

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: