Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

ШАХМАТТАН АРДАГЕРЛЕРДІҢ ЖЕКЕЛЕЙ БІРІНШІЛІГІ ӨТТІ

ШАХМАТТАН АРДАГЕРЛЕРДІҢ ЖЕКЕЛЕЙ БІРІНШІЛІГІ ӨТТІАудандық ардагерлер Кеңесі орналасқан ғимаратта Арал аудандық денешынықтыру және спорт бөлімі мен "НҰР ОТАН" партиясының Арал аудандық филиалының жүлдесі үшін шахматтан Ұлы Жеңістің 71 жылдығына орай ардагерлер мен мүмкіндігі шектеулі азаматтар арасында соғыс және еңбек ардагері, Қазақстан Республикасының "Құрмет" орденінің иегері Жылқыайдар Дошниязовты еске алуға арналған аудандық жекелей біріншілік өткізілді.
Жарыстың ашылу салтанатында Ардагерлер қоғамының орынбасары Абылаев Қайролла, Қазақ тілі қоғамының төрағасы Жұмабай Жақып және марқұмның баласы Бауыржан Жылқайдаров жарысқа қатысушыларға сәттілік тілеп,сөз сөйледі. Нәтижесінде:
І-орынды Аралқұм ауылдық округінің тұрғыны Сарбаев Сабанбай, 
ІІ-орынды Сексеуіл кентінің тұрғыны Жүсіпов Еркін, және жүлделі 
ІІІ-орынды Арал қаласының тұрғыны Жаңабай Жақып
жеңіп алды.
Жарыс жеңімпаздарын аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің медальі мен демеушілердің грамотасы және бағалы сыйлықтарымен марапатталды.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: