Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

Қызылордалық спортшы әлем чемпионатына барады

Ақтөбе қаласында грек-рим  күресінен 23 жасқа дейінгі спортшылар арасында ҚР-ның чемпионаты өтті. 
Дүбірлі додада  қызылордалық балуандар,  облыстық жоғары спорт шеберлігі мектебінің спортшылары Алпамыс Дастанбек  - алтын, Бағдат Үсенов - қола жүлделерді иеленді.
55 келі салмақта боз кілемге шыққан Алпамыс барлық қарсыластарынан басым түсіп, финалда  шымкенттік балуанды 8:0 есебімен айқын басымдықпен ұтты.
Жас спортшы осы жарыс нәтижесімен қараша айында Сербияда өтетін Әлем чемпионатына жолдама алды.
87 келі салмақта өнер көрсеткен Бағдат Үсенов қола жүлдеге қол жеткізді.
Спортшыларды жарысқа Азамат Сатыбалдиев пен Қанат Көбегенов дайындады.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: