Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

ҚЫЗЫЛОРДАДА РӘМІЗДЕР КҮНІНДЕ ВЕЛОШЕРУ ӨТТІ

 

ҚР Мемлекеттік рәміздер күніне орай Қызылорда қаласында С. Майқанова атындағы мәдениет үйінде салтанатты шара және оқушылар саябағында жас суретшілер байқауы ұйымдастырылды. 
Сонымен қатар, мемлекеттік қызметкерлер арасында велошеру өтті. Сөре ҚР Тұңғыш Президенті саябағынан басталып, мәре орталық алаңда аяқталды. 
Ұйымдастырылған жарысқа 100-ге жуық қызметкерлер қатысты. Кешкі мезгілде қалалық демалыс паркінде өткізілген концерт және жастар акциясы қала тұрғындарына мерекелік көңіл күй сыйлады.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: