Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

Матчтағы төбелес үшін астаналық «Барыстың» бапкері спорттан шеттетілуі мүмкін (ВИДЕО)

Матчтағы төбелес үшін астаналық «Барыстың» бапкері спорттан шеттетілуі мүмкін (ВИДЕО)Астаналық «Барыс» хоккей клубының бас жаттықтырушысы Андрей Назаровтың КХЛ тұрақты чемпионатында «Ақ Барыспен» өткен матчта көрсеткен қылығы КХЛ спорттық-тәртіптік комиссиясында талқыланатын болды, деп хабарлайды «Р-Спорт» агенттігіне СТК мүшесі Сергей Гимаев.
Тәртіп бұзғаны үшін Назаров қазандық «Ақ Барыспен» болған матч соңына дейін залдан қуылды. Ойынның басында қазандық «Ақ Барыстың» форварды Александр Свитов пен астаналық «Барыстың» қорғаушысы Дамир Рыспаев жаға жыртысып, соңынан Назаров қазандық команданың капитанына суы бар бөтелке лақтырған. Төрешілер жаттықтырушыны ойын аяқталғанға дейін залдан қуып, тәртіптік айыпқа тартты.
«Бізді осы оқиғаға қатысты отырысқа шақырып қойды. Соған қарағанда, Назаров, бұған дейін бір рет тәртіп бұзғаны бар, спорттан шеттетілуі мүмкін», - дейді Гимаев.

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: