Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

2016 жылғы Олимпиада ойындарына дайындық күшейеді

2016 жылғы Олимпиада ойындарына дайындық күшейеді

 

Бүгін, 12 наурызда Астанада спорттық жекпе-жек және күш қолданылатын спорт түрлері конфедерациясының жалпы жиналысы өтті.
2016 жылғы Олимпиада ойындарына дайындықты күшейту қажет. Бұл туралы спорттық жекпе-жек және күш қолданылатын спорт түрлері Конфедерациясының жалпы жиналысында төраға Тимур Құлыбаев тапсырма жүктеді.
Жалпы жиналыста Конфедерацияның жаңа бас директор таныстырылды. Бұл қызметті Данияр Абулгазин атқаратын болады. Ал бұған дейін бас директор болған Сәкен Мұсайбеков жақында Үкіметтің қаулысымен ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі болып тағайындалған еді.
Кездесуде Конфедерацияға кіретін спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың Рио-де-Жанейрода өтетін Олимпиада ойындарына сапалы дайындық жүргізуі, төрешілер корпусының біліктілігін арттырып, олардың 2016 жылғы Олимпиада ойындарында қызмет етуі, халықаралық байланыстарды дамытып, төрешілер, спортшылар мен бапкерлердің ағылшын тілін меңгеру деңгейін жоғарлату сияқты мәселелер талқыланды.
Спорттық жекпе-жек және күш қолданылатын спорт түрлері Конфедерациясы тыйым салынған препараттарды пайдалануды анықтау мен оның алдын-алу мәселелеріне ерекше мән беріп отыр. Сондықтан да 2015 жыл "Спорттық медицина дамыту және допингпен күресу жылы" болып жарияланды. Конфедерация төрағасы ҚР ұлттық құрама командаларын кешенді-ғылыми қолдаумен қамтамасыз ету деңгейін жоғарлатуды тапсырды.
2015 жылы Қазақстан дзюдодан лицензиялық әлем чемпионатын өткізеді. Астана қаласында болатын байрақты бәсекеге дайындықты егжей-тегжейлі жүргізу дзюдо федерациясына тапсырылды.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: