Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

Е.Қожағапанов "Астана" мен "Қайратты" құттықтады

Е.Қожағапанов "Астана" мен "Қайратты" құттықтадыҚазақстан футбол федерациясының президенті Ерлан Қожағапанов "Астана" және "Қайрат" командаларының еурокубок ойындарының келесі кезеңіне өтуімен құттықтады.
Онда "Құрметті ардагерлер, жаттықтырушылар мен ойыншылар, қазақ футболының жанкүйерлері!
Біздің командалардың Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасында  сыйлаған футбол мерекесімен барлықтарыңызды құттықтаймын. "Астана" мен "Қайрат" еурокубок турнирінің келесі кезеңіне өтіп, Қазақстан біріншілігінің алдыңғы қатарда екенін дәлелдеді.
Алда мықты қарсыластармен кездесулер күтіп тұр. Алайда, біздің клубтар маңызды ойындарға дайын. Біздің командалар жеңіске деген жігерінің арқасында еліміз күткен нәтижеге қол жеткізе алады деп сенемін. Алға, "Астана"! Алға, "Қайрат"! Алға, Қазақстан!" делінген.  
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: