Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

Тұрсынбай Құлахмет кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегін өткізеді


Қызылордалық боксшы Тұрсынбай Құлахмет кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегін 28 наурызда Алматы қаласында өткізеді.
Тұрсынбай Құлахмет 2019 жылы Азия чемпионы атанса, сол жылы әлем чемпионатында қола жүлдеге қол созды. Ол 75 келі салмақта ел намысын қорғады. Жерлесіміз екі жарысқа да сол салмақтағы тәжірибелі былғары қолғап шебері Әбілхан Аманқұлдың жарақат алып қалуына байланысты қатысқан болатын.
Сол күні «Халық арена» спорт кешенінде қазақстандық боксшылар Жанқош Тұраров пен Али Балоев та сынға түседі.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: