ІШКІ ІСТЕР ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ЗЕЙНЕТКЕРІ ЖАРЫСТАН ЖҮЛДЕЛІ ОРАЛДЫ
2015 жылдың қыркүйек айында Омбы қаласында ХХVІ Халықаралық Сібір марафоны өткен болатын. Аталмыш сайысқа 21 мемлекеттен және Ресейдің 32 өңірінен 7 мыңнан астам марафоншы қатысып, 5км, 10 км және 42 км, 195 м қашықтықта жүгіруден бақтарын сынады. Қазақстаннан барлығы 79, оның ішінде Қызылорда облысынан 2 қатысушы қатысты.
Халықаралық Сібір марафонына ІІМ зейнеткері отставкадағы полиция майоры Убайдулдаев Абдуали 10 км қашықтыққа жүгіруден өз жас шамасында (40-44 жас аралығында) қатысып, 50 минут 55 секундта мәре сызығын кесіп өтті. Үздік нәтиже көрсетіп, алғашқы ондыққа ілінген жерлесіміз 2016 жылдың сәуір айында Алматы қаласында өтетін V Алматы Халықаралық қайырымдылық марафонына және мамыр айында Омбы қаласында болатын «Гандикап» марафонына қатысуға жолдама алды.
Сонымен қатар, аталмыш сайысқа 42 км, 195 м қашықтыққа жүгіруге Сыр өңірінен 52 жастағы Сағынбаев Алмас та қатысып, мәре сызығын 3 сағат 27 минут 32 секундта кесіп, жақсы көрсеткішті бағындыра білді.
Халықты бұқаралық спортты қолдап, салауатты өмір салтын ұстануда үлгі-өнеге көрсете білген жерлестеріміздің үлкен додаларда асықтары алшысынан түсіп, үлкен биік белестерден көрінеріне сенімдіміз. Көк туымыздың аспанда желбіреп, айбынды әнұранымыздың асқақтай шырқалатын күні жақын екеніне үмітіміз зор.