Қазақстан Ұлттық құрамасына келесі футболшылар шақырылды:
Қақпашылар: Сергей Бойченко («Ордабасы»), Стас Покатилов («Ақтөбе»), Андрей Сидельников («Ордабасы»)
Қорғаушылар: Берік Айтбаев («Атырау»), Елдос Ахметов («Астана»), Абзал Бейсебеков («Астана»), Марк Гурман («Қайрат»), Ермек Қуантаев («Қайрат»), Юрий Логвиненко («Ақтөбе»), Сергей Малый («Ордабасы»), Ғафуржан Сүйімбаев («Ордабасы»), Дмитрий Шомко («Астана»),
Жартылай қорғаушылар: Аслан Дарабаев («Қайрат»), Бауыржан Жолшиев («Астана»), Тимур Досмағамбетов («Тараз»), Георгий Жуков («Астана»), Бауыржан Исламхан («Қайрат»), Ұлан Қонысбаев («Қайрат»), Исламбек Қуат («Қайрат»), Жамбыл Көкеев («Қайрат»), Александр Меркель («Удинезе», Италия), Самат Смақов («Ертіс»)
Шабуылшылар: Таңат Нөсербаев («Астана»), Сергей Хижниченко («Ақтөбе»), Алексей Щеткин («Астана»).
Естеріңізге сала кетелік, алдағы екі ойын да сырт алаңда өткізіледі. Қазақстан құрамасы алдымен 3 қыркүйекте Чехиямен, 6 қыркүйекте Исландиямен шеберлік байқасады. Екі қарсыласымыз да А тобында 1-2 орында келеді. Исландияда 15, Чехияда 13 ұпай бар. Біздің құраманың қоржынында 1 ұпай ғана жазылған. Ең соңғы орында тұр. Өз алаңында біздің жігіттер Чехиядан 2:4, Исландиядан 0:3 есебімен жеңілген еді. Енді есе қайтара ала ма? Оны көре жатармыз.