Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

Қазақстан құрамасы Исландияға есе жіберді

2016 жылғы Еуропа Чемпионатының іріктеу турнирінде Қазақстан құрамасы Астанада 0:3 есебімен Исландия футболшыларына есе жіберді. Андрей Сидельников қорғаған қақпаға Биркир Бьярнасон екі гол соқты. Тағы бір голды Эйдур Гудьонсен еншісіне жазды.

 

- Команда жанкүйерлерді өз ойынымен қуантқысы келді, бірақ оң нәтижеге қол жеткізе алмадық, - дейді бас бапкер Юрий Красножан. -  Қорғаныстан шабуылға тез көшу қажет еді. Біз негізгі таластардың басым бөлігін жеңдік, алайда шабуылды ұйымдастыруда мәселелер  болды. Бүгін стадионға келген жанкүйерлерге алғыс айтамын. Есепке қарамастан ойынның соңына дейін қолдау көрсетті.
Алаң иелеріне жылы қарсы алғаны үшін алғысымды білдіргім келеді. Жаттығуға төрт күн берілді. Ауа райы да бізге қолайлы болды,– дейді Исландия құрамасының бас бапкері Хеймир Хедльгримссон. – Ойын қиынға түсті. Қазақстан ойынды жақсы бастады, алайда біз басымдық таныттық. Екінші таймда қарсыласты қақпадан қашық ұстауға тырыстық. Қазақстаннан үш ұпай алуға міндетті болдық.
Қазақстан – Исландия 0:3 (0:2)
Голдар: Гудьонсен 20, Бьярнасон 32, 90+1
Қазақстан: Сидельников, Гурман (Қуантаев 67), Воротников, Абдулин (Щеткин 80), Смақов, Исламхан, Тағыберген, Нұрғалиев (Қонысбаев 56), Сүйімбаев, Тәжімбетов, Логвиненко. Резерв: Плотников, Покатилов, Ахметов, Жаңғылышбай, Бейсебеков, Шомко, Дарабаев, Хижниченко, Қожамберді.
Исландия: Хадльдорссон, Севарссон, Сигурдссон, Бьярнасон, Гудмундссон, Сигторссон (Бедвардсон  70), Сигурдссон, Арнасон, Гуннарссон (К) (Хадлфредссон  72), Гудьонсен (Финнбогасон 83), Скуласон. Резерв: Йонссон, Кристинссон, Йонассон, Магнуссон, Фьоулусон, Пальссон, Хаукссон, Гисласон, Кьяртанссон.
Ескерту алғандар: Нұрғалиев 55, Қуантаев 70 – Скуласон 63
Төрешілер: Т.Сидиропулос (Грекия), Д.Эфтимиадис (Грекия), П.Костарас (Грекия), М.Кукулакис (Грекия), И.Спатас (Грекия).
28 наурыз. Астана. «Астана Арена». 13 182 жанкүйер.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: