Футболдан Премьер-лига командаларының қосалқы құрамдары 13 тур ойындарын өткізді. Қызылорданың "Қайсар" клубының жастары Павлодарда "Ертіспен" шеберлік байқасты.
Аталмыш кездесуде жерлестеріміз 0:2 есебімен алаң иелеріне жол берді. Павлодарлық команда сапынан Абылайхан Тотай мен Артем Попов голдың авторлары атанды. Бұл "Қайсар" жастарының доп додасындағы сегізінші жеңілісі. Соның салдарынан турнир кестесінде 12-ші орында тұр.
Бүгін, 24 мамырда "Қайсардың" негізгі құрамы "Ертіспен" ойнайды. Екі команданың да жағдайы мәз емес. Турнир кестесінде 9 және 10 орында қатарлас келеді. Бір қызығы, "Қайсар" Павлордарда ешқашан жеңіске жетіп көрмепті. Барлығы 17 ойында 13 мәрте "Ертіс" жеңіск ежетсе, қалған ойында тең есеп тіркелген.