Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

Федерация басшысы ұлттық құрамамен кездесті

Федерация басшысы ұлттық құрамамен кездестіБүгін, 18 ақпанда Қазақстан - Молдова жолдастық матчы алдында Қазақстанның Футбол федерациясы президенті Ерлан Қожағапанов Ұлттық құраманың ойыншылары және жаттықтырушылар штабымен кездесті. Бұл жайында ҚФФ баспасөз қызметі мәлім етті.
Жаттықтырушылар құрамы президентті оқу-жаттығу жиынымен таныстырды. Өз кезегінде Ерлан Тоқтарханұлы Молдова құрамасымен өтетін ойында футболшыларға сәттілік тіледі.
Еске сала кетейік, бүгін Астана уақытымен сағат 22.00-де Қазақстан – Молдова жолдастық кездесуі өтеді. Бұл матчты «Хабар» телеарнасынан тікелей эфирде көре аласыздар.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: