Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

«ТАРАЗ» ФУТБОЛ КЛУБЫНЫҢ БАС БАПКЕРІ АУЫСТЫ

«ТАРАЗ» ФУТБОЛ КЛУБЫНЫҢ БАС БАПКЕРІ АУЫСТЫ

 

«Тараз» футбол клубы басшылығының шешімімен "Тараз" футбол командасының бас бапкері ауысты.
 Бұл орынға Украиналық футбол маманы Юрий Вильевич Максимов тағайындалды. Ал, осыған дейін Таразды жаттықтырған Нұрмат Мырзабаев өз еркімен қызметінен кетті.
Юрий Вильевич Максимов 1968 жылы Украинаның Херсон қаласында туған. 1992-2002 жылдар арасында Украинаның Ұлттық құрамасында, жоғарғы лигадағы "Динамо", "Металлург", Ресейдің "Ростов", Германияның "Вердер" клубтарында ойнаған. Футболшы ретінде Украинаның үш дүркін чемпоны. Барлығы 27-ойында 5-гол соққан. Жартылай қорғаушы. Украина, Германия Кубогының иегері. Ал, бас бапкер ретінде Киевтің "ЦСКА", Минскінің "Динамо", Донецкінің "Металлург", "Оболонь" командаларын жаттықтырған. Жетістіктері де аз емес, осы "Оболонь" командасын бірінші лигадан Украинаның жоғарғы дивизионынына шығарды. "Кривбасс" командасын ұзақ уақыт алға сүйреді. Соңғы атқарған қызметі Ресейдің "Мордовия" клубында бас бапкер.Үйленген. Екі ұл, бір қыз тəрбиелеп отыр.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: