Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

Депутаттар мен әкімдік қызметкерлері теннистер сайысты

Депутаттар мен әкімдік қызметкерлері теннистер сайысты

 

Бүгін, 14 наурызда Қызылорда қаласындағы "Мұз айдыны" СК Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесіне арналған облыс мәслихат депутаттары мен аппарат кызметкерлері арасында үстел теннисінен облыстық жарыс мәресіне жетті. 
Салауатты өмір салтын қалыптастыру, бұқаралық спортты дамыту, өзара байланыс пен сенімді нығайту бағытында өткізілген жарысқа Қызылорда қаласы мен аудандардан 8 команда қатысты.
Жарыс нәтижесінде Жалағаш ауданы көш бастаса, Қызылорда облысы екінші, Шиелі ауданы үшінші орын иеленді. Жарыстың үздік ойыншысы атағына  Шиелі ауданынан Найла Палымбет  лайық деп танылса, Қызылорда қаласы "Белсенді команда" деп танылды.
Женімпаздар мен жүлдегерлерді облыстык мәслихат хатшысы Акмарал Әлназарова марапаттады. Биыл алғашқы мәрте ұйымдастырылған жарыс алдағы уақытта дәстүрлі түрде өткізілетін болып шешілді.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: