Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

«Қайсарға» бас директор тағайындалды

«Қайсарға» бас директор тағайындалдыБүгін тамыздың 17-сінен бастап «Қайсар» ҚОФК» ЖШС-нің директоры міндетіне ресми түрде Жалғасбаев Нұржан Жармедетұлы тағайындалды.
Бүгінге дейін Нұржан Жалғасбаев «Қазақстан спорттық технологиялары» ЖШС-інде бас менеджер қызметін атқарып, елімізді әлемдік берндтердің спорттық экипировкалары және жабдықтарымен қамтамасыз етіп отырды. Сондай-ақ, сол қызметінде "Тур Алматы" дәстүрлі веложарыс бәйгесін ұйымдастыруға ат салысты. Еліміздің қаржы институты саласындағы тәжірибесі зор. Сондай-ақ ҚР ішкі әскер және ішкі істер органдарында қызмет атқарды.
Нұржан Жалғасбаев 1983 жылдың 9 наурызында Қызылорда қаласында дүниеге келген.. Заңгер және экономист мамандықтары бойынша жоғары білімі бар. Отбасын құрған, екі баланың әкесі.
Командаға жаңа директорды Қызылорда облысы Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Мұстафаев Садық Шоңмұрынұлы таныстырып, қызметіне табыстар тіледі. Өз кезегінде Нұржан Жармедетұлы да сенімді ақтауға бар күшін салатынын жеткізіп, «Қайсар» футбол клубын жаңа белестерге көтеру үшін аянып қалмайтынын айтты.
-Маған сенім артқан облыс басшылығына алғысым зор! Жанкүйерлер де сенсе деймін. Жалпы Қызылорда үшін мен бөтен адам емеспін. Осында өстім, алты жылдай футболмен айналыстым. Алғашқы жаттықтырушым Василий Иванович Цыпкун болатын. Кейін барша балалар секілді Владимир Алексеевич Ольшанскийдің қарамағында болдым. Сіздермен бірге «Қайсар» футбол клубын жаңа белестерге көтеріп, стадионға көрерменді неғұрлым көбірек тартамыз деп ойлаймын, - деді Нұржан Жалғасбаев. 

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: