Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

Бокстан республикалық турнир басталады

Бокстан республикалық турнир басталадыЕртең, 5 қараша күні Қызылорда қаласында Жалаңтөс Баһадүр бабамызды еске алуға арналған бокстан 2000-2002 жылдары туылған жасөспірім қыздар мен 2002-2003 жылдары туылған жасөспірім ұлдар арасында республикалық турнир басталады.
Жарыс қыздар арасында 5 салмақта, ұлдар арасында 18 салмақ дәрежесінде өткізіледі. Аталмыш жарыс биыл облыста тоғызыншы мәрте ұйымдастырылуда. 
Жарыстың басталуы 5 қараша күні сағат 14.00 де, салтанатты ашылуы сағат 15.00-де Ж.Баһадүр атындағы облыстық спортта дарынды балаларға арналған мектеп-интернаттың бокс залында. 
Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлерінің есімдері 8 қараша күні белгілі болады.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: