Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

БАЙСУФИНОВ КІМДЕРГЕ СЕНІМ АРТАДЫ?

БАЙСУФИНОВ КІМДЕРГЕ СЕНІМ АРТАДЫ?

 

Футболдан Қазақстан құрамасы 4 қыркүйекте 2018 жылғы әлем біріншілігінің іріктеу кезеңін бастайды. Бұл күні Астанада Польша құрамасын қабылдайды. Қазақстан құрамасы Е тобында сынға түседі. Қарсыластары – Румыния, Дания, Польша, Черногория Армения.
Ұлттық құраманың бас бапкері Талғат Байсуфинов аталмыш ойында кімдерді жасыл алаңға шығарады? Оның алдында құрамамыз 30 қыркүйекте Қырғызстанмен жолдастық кездесу өткізеді. Сонда жақсы ойын өрнегін көрсетіп, шеберлігін дәлелдей білген жігіттер бапкер сеніміне ие болады. Айта кетерлігі, бас бапкер сенім артқан жастар қатарында қазір еліміздің өзге клубтарында ойын көрсетіп жүрген үш футболшы бар. Олар – Мақсат Байжанов («Шахтер»), Асхат Тағыберген («Астана»), Жасұлан Молдақараев («Оқжетпес»).

Қазақстан ұлттық құрамасы

Қақпашылар – С.Покатилов («Қайрат»), Д.Лория («Ертіс»), В.Плотников («Қайрат») қорғаушылар – Е.Ахметов («Ертіс»), А.Бейсебеков («Астана»), Д.Шомко («Астана»), Ю.Логвиненко («Астана»), Г.Сүйімбаев («Қайрат»), С.Малый («Ертіс»), В.Дмитренко («Тобыл»);
Жартылай қорғаушылар – Б.Исламхан («Қайрат»), С.Мұжықов («Астана»), И.Қуат («Қайрат»), А.Нұрғалиев («Астана»), М.Байжанов («Шахтер»), А.Тағыберген («Астана»), С.Смақов («Ордабасы»), А.Мухутдинов («Тобыл»), С.Лунин («Қайрат»); 
Шабуылшылар – Ж.Молдақараев («Оқжетпес»), Т.Нөсербаев («Астана»), Р.Мұртазаев («Ертіс»), С.Хижниченко («Тобыл»).
Айта кетейік, біздің құрама Қырғызстанмен бұдан бұрын бірнеше мәрте кездесіп, жеті мәрте жасыл алаң төрінде шеберлік байқасқан. Оның бесеуінде біздің жігіттер басым түссе, екеуінде тең нәтиже тіркелді. Соңғы мәрте қос құрама 2014 жылдың 5 қыркүйегінде Астана қаласында ойнады. Бұл кездесуде Қазақстан футболшылары 7:1 есебімен ойсырата жеңді. 
Жолдастық кездесу. 05.09.2014. Қазақстан– Қырғызия7:1 (3:0). Астана. Астана Арена
Жолдастық кездесу. 01.06.2012Қазақстан– Қырғызстан 5:2 (3:2). Алматы. Орталық стадион. 
Алма-ТВ-2007 кубогы. Финалдық кезең. 07.03.2007. Қазақстан– Қырғызстан 2:0 (1:0). Шымкент. Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы орталық стадион. 
Жолдастық кездесу. 05.07.2006. Қазақстан – Қырғызстан1:0 (1:0). Алматы. Орталық стадион. 
Жолдастық кездесу.  17.04.1994. Қырғызстан – Қазақстан0:0. Өзбекстан, Ташкент. Марказий ҳарбий спорт клубы. 
Жолдастық кездесу. 25.10.1992. Қазақстан – Қырғызстан2:0 (2:0). Қызылорда. Ғ:Мұратбаев атындағы орталық стадион.  
Жолдастық кездесу. 26.09.1992. Қырғызстан – Қазақстан 1:1 (0:0). Бишкек. Спартак стадионы.
Осы ойындарда біздің құрама барлығы 18 доп соқса, өз қақпасына небәрі 4 доп жіберіп алды. 

Қырғызстан ұлттық құрамасы 

Қақпашылар: Павел Матяш (клубсыз), Валерий Кашуба («Дордой»), Руслан Жаныбеков («Алга»). Қорғаушылар: Азамат Байматов («Аль-Риффа», Бахрейн), Тамирлан Қозубаев («Дордой»), Валерий Кичин («Енисей», Ресей), Виктор Майер («Эммен», Голландия), Дэниел Тэго («Хала», Бахрейн), Ильяз Алимов, Акрам Умаров (екеуі де – «Алай»), Владимир Казакбаев («Абдыш-Ата») Жартылай қорғаушылар: Бахтияр Дүйшөбеков («Крумкачы», Беларусь), Фархат Мусабеков («ТСК-Таврия», Крым), Эдгар Бернхардт («Роденхаузен», Германия), Ахлидин Исраилов («Днепр Черкассы», Украина), Антон Землянухин («Сисакет», Тайланд), Азиз Сыдыков, Ислам Шамшиев, Кайрат Жыргалбек уулу (бәрі де – «Дордой»), Павел Сидоренко («Алга»), Одил Абдурахмонов («Алай») Шабуылшылар: Виталий Люкс («Унтерхахинг», Германия), Мирлан Мурзаев («Ушакспор», Түркия). 
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: