Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

Белбеу күресінен жүлделі оралды

Ресейдің Екатеринбург қаласында белбеу күресінен әлем кубогы өз мәресіне жетті. 


15-18 желтоқсан аралығында өткен дүбірлі додада әлемнің 15 елінен палуандар бақтарын сынаған болатын. Қазақ елінің құрамында 40 спортшы бар. Оның ішінде Сыр спортының намыс байрағын көтере барған 6 палуан өз шеберліктерін паш етті. 
Ерлер арасында 100 кг. салмақта Алдаберген Айберген топ жарып алтын алқа тағынса, 62 кг. салмақта Алдаберген Бекзат 3-орынға тұрақтады. Сыр белбеу күресі атынан барған қос ару Войсова Наргиз бен Бойдан Дина қола жүлделерін жетістіктер қоржынына салды.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: