Дзюдодан өткен Қазақстан спартакиадасында қызылордалық спортшылар жүлделі оралды.
Қарағанды қаласында ҚР IV жазғы Спартакиадасының аясында дзюдодан ерлер мен әйелдер арасында республикалық жарыс аяқталды. Аталмыш сыннан қызылордалық спортшылар 1 алтын, 2 күміс, 1 қола медальді олжалады.
Атап айтсақ, ерлер арасында 60 келі салмақ дәрежесінде бақ сынасқан Дархан Сержанов Қазақстан спартакиадасының чемпионы атанды. Ол төрт кездесу өткізіп, финалда қарағандылық спортшыдан айласын асырып, таза жеңіске жетті. 90 келіде Мақсат Исақабылов пен әйелдер арасында сынға түскен Динара Қодарова 70 келіде күміс жүлдені иеленді. Ал 78 келі салмақта сынға түскен Мархабат Ақылбаева қола жүлдегер атанды.
Облыстық жоғары спорт шеберлігі мектебінде тәлім алатын спортшыларды жарысқа Ишанбек Жұмабаев, Жанарбек Сансызбаев, Болатбек Кенеев және Қален Қалиұлы дайындады.