Қазақстан жасөспірімдер құрамасы (U-19) "Гранаткин мемориалына" дайындықты бастады
Қазақстанның 19 жасқа дейінгі құрамасы Талғарда жиналды. Ал кешкісін жерлестеріміз Санкт-Петергбургке жол тартып, ол жақта бір апта бойына "Гранаткин мемориалының" қасраңындағы соңғы пысықтау оқу-жаттығу жиынын өткізеді. Турнир 2015 жылдың 3 қаңтарында басталмақ.
Сергей Тагиев пен оның көмекшісі Қайрат Әубәкіровтің жеткіншектері Нева жағалауында бір апта бойы турнирге дайындалып, сегізінші күні турнирдегі алғашқы ойынын өткізеді. Алғашқы қарсыласымыз - Болгария жасөспірімдерімен болатын кездесу 3 қаңтар күні Астана уақытымен сағат 15:00-ге белгіленген. Одан кейін 5 қаңтар сағат 17:30-да жерлестеріміз словениялық құрдастарымен кездеседі.
Турнирге барлығы 18 команда қатысады. Олар 6 топқа бөлінген. Өткен жылы турнирдің финалында Жапония мен Ресей жасөспірімдері кездесіп, Күн шығыс елінің өкілдері дода қожайындарынан басым түскен-ді. "Гранаткин мемориалы" туралы толығырақ ақпаратты турнирдің ресми сайтынан таба аласыздар.
Қазақстан жасөспірімдер құрамасының U-19 тізімі:
Қақпашылар:
Грубов Олег Қайрат
Мұқанов Олжас Оле Бразил
Шахов Андрей Восток
Қорғаушылар:
Әбдразақов Рүстем Оле Бразил
Андреев Валерий Атырау
Әбдеш Мағжан Оле Бразил
Муфтолла Руслан Атырау
Люхай Рашид Қайрат
Тыныбек Болат Оле Бразил
Жартылай қорғаушылар:
Котов Максим Қайрат
Мәмешев Аршат Тараз
Мірсәлімбаев Фарух Оле Бразил
Гладченко Максим Тараз
Сіләмбеков Демият Оле Бразил
Қуанышбай Данабек ДЮШС
Стародубов Александр Қайрат
Шабуылшылар:
Оралбай Едіге Оле Бразил
Смаилов Арман Ертіс
Васильев Владислав Шахтер
Қазақстан жасөспірімдер құрамасының бапкерлер алқасы: