Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ ҚҰРАМАСЫНЫҢ БАС БАПКЕРІ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ ҚҰРАМАСЫНЫҢ БАС БАПКЕРІ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

 

Бүгін Қазақстан футбол федерациясының кеңсесінде Қазақстан Ұлттық құрамасының жаңа бас бапкерін таныстырды. 
Қазақстан футбол федерациясың хабарлауынша, бұл қызметке 2016 жылдың қаңтарынан бастап Қазақстан Ұлттық құрамасының бас бапкері міндетін атқарып келе жатқан Талғат Маруанұлы Байсуфинов тағайындалды.
Айта кетейік, Талғат Байсуфиновтің жетекшілігімен Қазақстан Ұлттық құрамасы үш матч өткізді. Оның шәкірттері Әзірбайжан мен Қытай құрамаларын жеңіп, Грузия құрамасымен тең ойнады.
Сонымен қатар, жаттықтырушылар штабына отандық мамандар Нүркен Мазбаев, Юрий Новиков және Андрей Ферапонтов кірді.
Биыл Қазақстан Ұлттық құрамасы  2018 жылғы Әлем Чемпионатының іріктеу турнирінің ойындарын бастайды. Алғашқы ресми матч 4 қыркүйек күні Астанада Польша құрамасымен өтеді. 
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: