Қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай таэквондодан жасөспірімдер мен кадеттер және балалар арасында қалалық ашық біріншілік өткізілді.
Аталмыш ашық біріншілікке 150-ге жуық спортшы қатысып, өзара жеңімпаздарын анықтады.
Жарыс жеңімпаздары қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімінің мадақтама грамоталары және медальдарымен марапатталды.