Өткен жылы "Қайсардың" құрамында ойын көрсеткен малилік қорғаушы Мамуту Кулибали биыл Болгарияның "Черно Море" командасына баруы мүмкін.
Мамуту Қазақстан біріншілігінде 2011 жылдан бері ойнады. Алғашқы үш жылда Павлодардың "Ертісінің" намысын қорғаса, 58 ойында 4 мәрте қанжығасын майлады. 2014 жылы "Қайсардың" сапына қосылып 30 ойында 1 мәрте қарсыластар қақпасын дәл көзеді.
1984 жылдың 23 ақпанында Мали астанасы – Бамако қаласында дүниеге келген ол футболшылық мансабын 1999 жылы өз елінің «Центр Салиф Кейта» командасында бастады. 2003-2006 жылдары Францияның "Осерінде" ойнаса, 2006-2007 жылдарда сол елдің "Истрінің" жейдесін киді. Одан кейін Түркияның "Касымпаша" (2006), Бельгияның "Брюссель" (2008) командаларында ойын көрсетті. Ал 2009-2010 жылдарда қазір қайта оралғалы жатқан Болгарияның "Черно Море" сапында жасыл алаңға шықты.