Қызылорданың «Қайсар» командасының бірінші лигадағы басты қарсыласының бірі – Өскеменнің «Алтай» клубы доп додасы басталмастан ұпайдан айрылып қалды.
Бұл шешімді Қазақстанның кәсіпқой футбол лигасы ҚФФ-ның жүгінуі нәтижесінде қабылдады. Бірінші лигада ойын көрсететін "Алтай" футбол клубы "Восток" клубының заңды мұрагері болып табылады. Команда ФИФА-ның дисциплинарлық комитетінің шешімін орындалмағаны үшін (Джордже Мрджанин және Саша Добричтің алдындағы қарыздарын өтемегені үшін) 9 ұпайдан айырды. Осы шешім биылғы маусымнан бастап өз күшіне енеді.
«Алтай» бұған дейін 2 ойын өткізді. Сырт алаңда Ақтаудың «Каспийін» 1:0 есебімен тізе бүктірсе, өз алаңында Оңтүстік Қазақстан облысының «Мақтарал» клубынан 1:1 есебімен жеңіліп қалды.