Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

Аттың құлағында ойнаған жаңақорғандық спортшыларға құрмет көрсетілді

Аттың құлағында ойнаған жаңақорғандық спортшыларға құрмет көрсетілдіБатыс Қазақстан облысының орталығы – Орал қаласында өткен ұлттық ат спорты түрлерінен қазақстан чемпионатында аймақтың мәртебесін асқақтатқан жаңақорғандық шабандоздарды кеше теміржол вокзалында "Нұр Отан" партиясы аудандық филиалының төрағасының бірінші орынбасары М.Балқожаев бастаған бір топ азаматтар мен аудан жастары күтіп алды. Жеңіспен оралған жерлестерімізді аудандық денешынықтыру және спорт бөлімінің басшысы М.Рахымжанов пен аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Ә.Төлегенов құттықтап, аудан әкімінің ықылас гүлін табыс етті.
Айта кетейік, еліміздің 9 облысынан қатысқан аталмыш додада Сыр өңірінің спортшылары ұлттық ат спорты түрлерінен сынға түсіп, 5 жүлдені иеленген. Оның ішінде көкпаршылар осымен екінші мәрте ел чемпионатының күміс жүлдесін иеленсе, аударыспақтан 60 келі салмақта жерлесіміз Бердібек Жорабек өзінің мықты екенін дәлелдеп, 2 дүркін Қазақстан чемпионы атанды.Ал +80 келіде Ерсұлтан Исабек қола медальға ие болды. Жамбы атудан Жәдігер Айназар қола жүлдені еншілесе, теңге ілуден Шыңғысхан Мұхамедқали төртінші орынды иеленді.
 
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: