Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

Америка азаматы турникке тартылудан рекорд жаңартты (ВИДЕО)

Америкадағы Техас штатының тұрғыны Марк Джордан турникке тартылудан рекордты жаңартты, деп хабарлайды Хабар телеарнасы.  
54 жастағы ол темір құрылымды 4 мың 321 рет мойнынан асырған. Бұған оның 1 тәулік уақыты кетіпті. Гиннестің рекордтар кітабына енген Корпус-Кристи қаласының тұрғыны: «Спортпен айналысып, денсаулықты түзеуге ешқашан кеш емес», - дейді.  Марк Джорданның мұндай жетістікке жету үшін 1 жыл бойы шынығып, дайындалыпты.  Айта кетейік, дәл осы рекордты былтыр жазда 27 жастағы Вашингтон тұрғыны жаңартпақ болған. Бірақ ол 3 мың 400 мәрте ғана турникке тартылыпты.


Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: