Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

ҚЫЗЫЛОРДАДА СТУДЕНТТЕР АРАСЫНДА СПАРТАКИАДА АЯҚТАЛДЫ

ҚЫЗЫЛОРДАДА СТУДЕНТТЕР АРАСЫНДА СПАРТАКИАДА АЯҚТАЛДЫОблыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы, облыстық ішкі саясат басқармасы, Жастар ресурстық орталығы мекемесінің ұйымдастыруымен үстіміздегі жылдың 2-7 желтоқсан аралығында Қызылорда қаласында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай жоғары және орта арнаулы оқу орындары арасында спартакиада аяқталды.
Спорттың 6 түрін қамтитын бұл бәсекеге Қызылорда қаласынан 15 команда 1000-ға жуық студент жастар шеберлік байқасты. Алты күнге созылған жарыс қорытындысына келетін болсақ, жалпы командалық есепте Қорқыт ата атындағы ҚМУ-ң командасы – бірінші орынды иеленді. ҚМУ студенттері осымен екінші мәрте спартакиаданың жеңімпазы атанды.
Екінші орынды «Болашақ» университетінің командасы алса, И.Әбдікәрімов атындағы аграрлық – техникалық колледж студенттері үшінші орынға табан тіреді. Спартакиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлері диплом, кубок және естелік сыйлықтармен марапатталды.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: