Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

"Астана" өрендері "Бенфикадан" жеңілді

"Астана" өрендері "Бенфикадан" жеңілді"Астана" футбол клубының 19 жасқа дейінгі өрендері жасөспірімдер арасындағы Чемпиондар лигасын ірі жеңіліспен бастады. Олар С тобындағы алғашқы кездесуінде Португалияның "Бенфика" клубындағы құрдастарымен шеберлік байқасты. Бұл ойында біздің қақпаға жауапсыз сегіз доп соғылды.
Ойынның бірінші кезеңінде біздің қақпада алты мәрте доп тулап жатты. Екінші кезеңде тағы да екі доп соғылды. Голдар "Бенфика" футболшылары – Илдеберту Перейра (42,78), Гонсалу Родригеш (38), Жозе Гомеш (21, 34), Диогу Гонсалвеш (10, 26, 55) еншісіне жазылды.
Біздің топтағы "Галатасарай" (Стамбул, Түркия) – "Атлетико" (Мадрид, Испания) командаларының кездесуінде түрік өрендері 1:3 есебімен жеңіліп қалды.
Өзге ойын нәтижелері төмендегіше:
1 тур.
А тобы. ПСЖ (Франция) – "Мальме" (Швеция) 0:0. "Реал" (Испания) – "Шахтер" (Украина) 4:0.
В тобы. Вольфсбург (Германия) – ЦСКА (Ресей) 2:4, ПСВ (Голландия) – Манчестер Юнайтед (Англия) 0:3.
Д тобы. Севилья (Испания) – Боруссия (Менхенгладбах, Германия) 4:2, "Манчестер Сити" (Англия) – "Ювентус" (Италия) 1:1.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: